Мектепті алтын белгімен бітірушілер – Естеу Нүсіпбеков

Бұл бетте «Мектепті алтын белгімен бітірушілер» атты Естеу Нүсіпбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.10.2019
  • 1
  • 0
  • 4873
Болашақ сендердікі, өрендерім,
Білімнің өтедіңдер төлемдерін.
Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,
Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.

Он бір жыл оқыдыңдар зеректікпен,
Биіктеп еңселерің ерен тіптен.
Он бір жыл сыналдыңдар талап жүктеп,
Дарынмен, талаппенен бөлек біткен.

Ата-ана абыройын сақтадыңдар,
Ұстаздар үмітін де ақтадыңдар.
Енді Отан мақтанына айналуға,
Ел-жұртқа деп тұрсыңдар бап табыңдар.

Сендерді қосады Отан жарыстарға,
Сөрені соза ұзартып алыстарға.
Болады Қазақстан Барыс-Отан,
Сүйеніп өздеріңдей арыстарға.

Болашақ сендердікі, өрендерім,
Мол әлі борыш, қарыз – берерлерің.
Әлемдік биіктерде қанат қағып,
Жүзіңдер теңіз-білім тереңдерін.

Сенемін, сенеді Отан, түлектерім,
Аллаһқа аян ашық тілектерің.
Қайда да ақ күн тусын алдарыңнан,
Жас қалпы мықты соқсын жүректерің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мектепті алтын белгімен бітірушілер өлеңінің авторы кім?

Естеу Нүсіпбеков — осы өлеңнің авторы.

Мектепті алтын белгімен бітірушілер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мектепті алтын белгімен бітірушілер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Естеу Нүсіпбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мектепті алтын белгімен бітірушілер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері