Мың алғыс, миллион алғыс аналарға
Бұл бетте «Мың алғыс, миллион алғыс аналарға» атты Естеу Нүсіпбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.
Бақыттың, қуаныштың көзісіңдер,
Ізгілік, ілтипаттың өзісіңдер.
Қақа жарған қара қылды әділ бидей,
Түп-түзу ақиқаттың тезісіңдер.
Сабырға, ақылға да жетіксіңдер,
Тас түйін байлаусыңдар, тетіксіңдер.
Бар өмір бағыт алған өздеріңнен,
Жалын ап от ұшқынды көздеріңнен.
Сендерге қарап ап біз бой түзейміз,
Сендерге қарап ап біз ой түзейміз.
Сендерше жақсылыққа ұмтыламыз,
Сендерше қайсарлыққа ұмтыламыз.
Ана туралы олен
Өтте күшті өлең
Құлақтан кіріп жүректен шығатын өлең екен ❤️
Рахмет қиын емес екен
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға