Жастар жылының жариялануына орай – Altaialischer

Бұл бетте «Жастар жылының жариялануына орай» атты Altaialischer жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық №1ЖББОМ
Алтай Әлішер 10 класс оқушысы

Жастар жылының жариялануына орай

«Жастар жылы» аталыпты,мақсатымыз қойылған
Болу керек қасиеттің жамандары жойылған
Асқақтатып,санамызды жаңғырту да бір міндет
Болмасын деп елімізде надандықтай бір індет

Сақтап оны,аманатқа жасамағың қиянат
Кір келтірсең атына,оның тіпті қиын-ақ
Тарихына адамзаттың орнын ойып қалдырған
Жастар,елді жаңғыртқан да,іргетасын салдырған

Ел тізгінің ұстайтұғын,болашаққа жол бағдар
Көркеюдің аспанында жұлдыз болған Біз-Жастар
Ескі талап жаңарғанда,қадам басып алдыға
Байығанбыз рухани біз,жоғарылап сатыға

Үлесіңді қоса білгің,текке өткізбей уақытты
Еңбектен де талаптаншы болу үшін бақытты
Абайымдай,Шәкәрімдей «Болмасаң да ұқсап бақ»
Ұқсап бақсаң, «Мәңгілік ел» боларымыз шындық,хақ

«Мен жастарға сенемін»,-деп үміт артқан ақын жан
«Арыстандай айбатты»,-деп теңеп бізді жас Мағжан
«Сүттей таза жүректер»,-деп адал санап,кіршіксіз
«Жұмсақ мінез жібектер»,-деп жас сәбидей еш мінсіз

«Талу бар ма сұңқарға?»,-деп сенім артқан біздерге
«Иман күшті оларда»,-деп күмәнданбай мінезге
Бір күн туар көтеретін қазақ туын аспанға
Сондықтан да Мағжан сенген өзіміздің Жастарға!

Желбіреген ту астына жиналамыз,бірігіп
Асқар таудай мақсаттарға жетеміз деп,көз тігіп
Ел болайық,бірлігіміз,Жастарымыз жарасқан
Армандары еліміздің көк аспанмен таласқан
Қазақстанның көркеюі Біз,Жастардың,тілегі
Бұл тілегі орындалса: «Жастар-елдің тірегі»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастар жылының жариялануына орай өлеңінің авторы кім?

Altaialischer — осы өлеңнің авторы.

Жастар жылының жариялануына орай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастар жылының жариялануына орай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жастар жылының жариялануына орай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар