Құтты болсын шаңырақ – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құтты болсын шаңырақ» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.11.2019
  • 0
  • 0
  • 4060
Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.
Жан-тәніңмен сый көрсет,
Ақ сүтін сорған анаңа!
Сүйген жарың аман болсын,
Ел сүйер ақпейіл санаң болсын.
«Балалы үй — базар» деген ата-бабам,
Сүйгенiңнен он шақты балаң болсын,
Ел қорғаны, ақылды, адал болсын!
Отыңның басы басқа толсын,
Дастарқаның асқа толсын.
Немерелерің—мұрагерің
Ұзақ өмір жасқа толсын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері