Бұл бетте «Ақ дастарқан жайылды» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.11.2019
0
0
4639
Ақ дастарқан жайылды,
Табақ толы ас келді.
Бізге берген асыңыз,
Көбейе берсін басыңыз.
Бізге берген жілігің,
Арта берсін білігің.
Бізге берген омыртқаң,
Малың болсын шұбыртқан.
Бізге берген жамбасың,
Аман болсын жан-басың.
Бізге берген жаурының,
Ауырмасын бауырың!
Әумин!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі