Күз. Көңіл күй - Бауыржан Бабажанұлы

Бұл бетте «Күз. Көңіл күй» атты Бауыржан Бабажанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2019
  • 0
  • 0
  • 3955
Осы күздің аспаны жылауық тым,
Сәл жымиса қайтеді бірауық Күн.
Көз жасыңды қайтсін ел…
Боқтайды кеп, құлаған мас шетіне бір арықтың.

Ұйқы қашып, мәңгірсе бір басыңыз,
Ұзақ түнге терезе — сырласыңыз.
Өршелене оны да сабалайды
Әлденеге ызалы ұрғашы-күз.

Неге сонша жылайды, (тұспал ма екен?…)
Бағын әлде байлады, іштар бөтен.
Әлде бәрі бір күнде кетіп қалып,
Кеулін әбден босатқан құстар ма екен?

Жаңбыр ғана шаяр деп мына шерді,
Содан ақыл берді ме, мұң әсерлі.
…Мені-дағы көп достар сатып кетті,
Өлгем жоқ қой, (жылағам, рас, енді…).

Мөлдір бұлттан пәренжі жамылды Ай да,
Шаршады ғой… аспан сәл дамылдай ма?
“Жылама енді, сүрткін деп, көз жасыңды”
Ақыл айтар күзге ешкім табылмай ма?

Мен-ақ ақыл айтар ем, түсін, бірақ…
Біреу алып кеткендей күшімді нақ.
Айқайлаймын, дауысым шығар емес,
Тұр, өйткені, менің де ішім жылап.

Көңілдің көп бояуы оңар шерден,
Бізге-дағы көп адам болар сенген.
Сол сенімнен шығайық, жылама, Күз,
…Алдыменен сен тоқта, содан соң мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз. Көңіл күй өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Бабажанұлы — осы өлеңнің авторы.

Күз. Көңіл күй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз. Көңіл күй өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз. Көңіл күй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері