Жастарға арнау

Бұл бетте «Жастарға арнау» атты Салтанат Изтаева жазған жастар туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тәуелсіз, байтақ елдің болашағы
Жүрегінде ойнаған от сөнбес мәні
Қазағым деп шырылдайды байғұс жаны
Мен сеземін ұмтылысты жастардағы

Бүгінімен ертеңіміз жас қолында
Таймаса дейміз ізгі ниет, өз жолында
Қайсарлықпен, адалдықты сақтай бөліп
Қазақ жасы мойыма сен жалында

Ақылменен біліміңді қатар қойып
Кеудеңдегі жалқаулықты мүлде жойып
Білсем екен деп ізден қайсар жасым
Алатындай бұл тарихта орын ойып

Танытқан бар әлемге біздің ұлы халықты
Тәнті қылған тіліменен, сөзіменен байыпты
Шәкәріммен, Абайдай даралар көп елімде
Нағыз жастар ардақтап, үлгі тұтар лайықты

Егер міне көрінем десең өмірдің биік шыңынан
Ізден, ойлан, мақсат қыл айнымағын ойыңнан
Жетем десең сонымен қатар арманына аңсаған
Табыла білсін имандылық мына сенің бойыңнан

Қазағымның әрі қарай туын биік көтерер
Қол жетпеген биіктерге мына бізді жеткізер
Сенеміз біз еліміздің болашағы жасына
Қазақ халқын жеткізер әлемнің биік тағына


Пікірлер (1)

Марго

Осындай ұйқассыз өлең бола ма

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастарға арнау өлеңінің авторы кім?

Салтанат Изтаева — осы өлеңнің авторы.

Жастарға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастарға арнау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жастар туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жастарға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер