Мен қазақпын – Құрбанбай Сериков

Бұл бетте «Мен қазақпын» атты Құрбанбай Сериков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен қазақпын - даланың ұланымын,
Көк жүзінде самғаған қыранымын.
Қазақтың бар жастарын рухтандырған -
Қайраттай қайсар ұлдың ұранымын!

Мен қазақпын - қайсар ұлмын, Қайратпын,
Ұраныммен СССР-ды жайраттым.
Кольбинді өз орнынан түсірдім де -
Отаныма қазағымды сайлаттым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар