Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда
- 0
- 0
Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.
Бұл бетте «Анама» атты Данагүл Амангелді жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқым қайда, япыр-ау, ұйқым қайда,
ой сиқы жоқ ойдың да: қиқым, майда.
Кімге обал, мен кімге сый істедім,—
түсінбедім, темекімді иіскедім.
Кетіп жатты сары дала, кетіп жатты,
сұлы дәнін саршұнақ шекіп жатты.
Мына маңай не дейді-ай: қурай даусы
маңырағаны секілді жетім лақтың.
Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді,
сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді.
Сенейін бе мен саған, көнейін бе,
қайда апара жатырсың, өлең мені?
Хабарлама
INFO
Бұл өлең өте керемет өлең!!!