Жетпеген арман
- 0
- 0
Ұяң бала, қалды ауылда ұяң қыз,
Ұмыт болған тәп-тәтті бір қиялмыз.
Тұншықтырған жөргегінде сезімді,
Балалықтың бал елесін жиярмыз.
Бұл бетте «Тілім менің» атты Нұрила Бөкебай жазған тіл туралы өлең берілген.
Ұяң бала, қалды ауылда ұяң қыз,
Ұмыт болған тәп-тәтті бір қиялмыз.
Тұншықтырған жөргегінде сезімді,
Балалықтың бал елесін жиярмыз.
Өр рухым аспанға ұшып өрледі,
Сүлдерімді көзге ілместен жердегі.
баяны жоқ бақыттарға бағынған,
Адамдардың бәрі қандай шерлі еді?
Шырқамақ боп тірліктің батыл әнін,
Өксік толып көмейге аһ ұрамын.
Артта қалған жылдарға жоқтау айтып,
Күз жылайды төгілтіп жапырағын...
Көктеміне көңілдің шуақ шашқан,
Басымды ием мен саған қуатты аспан.
Жүрегімнің түбіне жасырынған,
Қасиетті Тәңірім бұлақты ашқан.
Есен
Құтты болсын!!