Терезеге телміріп
Бұл бетте «Терезеге телміріп» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bibit
- 14.11.2019
- 0
- 0
- 2115
Жылай-жылай таусылды тамшы жасым,
Ойлай-ойлай өзіңді солды басым.
Келмейтінің белгілі бетенеден,
Сағыныштан құса боп атты таңым.
Оянады пенделер сабылысқан,
Қым-қуыт тіршілікпен жолығысқан.
Менде тұрдым орнымнан ұйықтағандай,
Мең-зең күймен ұйқысыз жаңылысқан.
Терезеге қараймын пердені ашып,
Қар жауыпты далаға ұлпа шашып.
Қар бетінде бірең-сараң іздер жатыр,
Бері емес, кері қарай қадам басып...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі