Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Бұл бетте «Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!» атты Базарбай Исаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Маған ұнады сізге де ұнады деп ойлаймын!!
Өте керемет
Өте керемет жаттау
өте керемет
Патриоттық сезімді оятатын,рухты көтеретін өлең екен