Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры – Айбол Сағынжанұлы

Бұл бетте «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры» атты Айбол Сағынжанұлы жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ел жайын біз әріден ұққан елміз
Қарадай жасқаншақтап бұқан елміз
Еске алып желтоқсанның боздақтарын,
Жеңімен көздің жасын сыққан елміз.

Жырмен салдым желтоқсанның бейнесін
Жастарымның қан төгілген киесін
Ақ тұлпарды еріттеп ап мен бүгін,
Ағытайын жыр жидемнің түймесін.

Қолдарында қаруы жоқ аналар
Маскүнем деп қамалыпты ағалар
Ұстаздарда жұмысынан қуылды,
Қолдан келер бізде қандай шама бар?

Шыдай білген қайран қыздар екпінге
Алар кезі келген күн-ау кектің де.
Желтоқсанда қан төгілген көк мұзда,
Қазақ қызы алыныпты тепкіге.

Осылар қайрап жігерімді менің от қылар
Кезім жоқ менің шегініп сөзді шоқ қылар
Біріге біліп ұйымшыл болайық бәріміз,
Аз емес шығар қазағым көрген соққылар!

Бір ауыз сөз мен айтайын тыңдашы
Сөзімнің бұл лайы емес тұнбасы
Тәуелсіздік тойы өтпей елімде,
Құрылмасын орыстардың шыршасы!

Бұл сөзімнің мәнісі бар айбатты
Колбин бізді қаншама рет жайратты
Қазақ үшін жанын қиған жан берген,
Ұмытпаңдар Лаззат пен Қайратты!

Тәңірім алла туымды мәңгі құлатпа.
Сүріндірме ауыр қилы сынықта.
Еліме менің қыдыр дарып бақ қонсын,
Жаратқан ием халқымды енді жылатпа!


Пікірлер (1)

Модератор

Авторы деген жері бос қалып, авторы өзім деген басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры өлеңінің авторы кім?

Айбол Сағынжанұлы — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар