Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау)

Бұл бетте «Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау)» атты Meyrzhan жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Еншідей болды бойыңа біткен мол дарын,
Әдебиетті де мәдениетті де қолға алдың.
Ғұламалықтың өзіңен көріп қайнарын,
Данышпан ата , басымды ие таң қалдым.

Мұрадай қалған ізіңді елің жалғаған ,
Сөздерің бар ма, ақылдың уыты тамбаған.
Бағдаршам сынды өнегең, үлгі, өсиетің,
Қара сөздерің ұрпағың үшін қалдырған.

Темірқазығым өзің бе деп- Ата, қаламын
Жұртыңа сілтер жолының бағыт, бағдарын.
Қандай теңеу тақсам да, дөп келеді,
Қақ бөлердей дүние жалғандарын.

Даналығың бір бөлек, даралығың,
Білдіртпедің айналаңның қаралығын.
Жан бітірер сәулелі сөздеріңмен,
Әйгіледің қазақтың тазалығын.

Сан өнердің бойыңда ізі тұрды,
Саф алтындай қалдырдың ән мен жырды.
Алты алашты қаратар ауызына,
Абай ата, абыройың биік, құнды.

"Өлеңды теңеп сара сөз патшасына"
Ұғындырдың сол сөзді баршасына.
"Сөз түзелді" дегенмен қайран бабам,
Тыңдаушының жетті екен қаншасына.

Деп тілеймін "берсін әркім санасына ",
Аз қызмет қылмадың ел баласына.
Риза ма екен "қалың ел, қайраң жұртың"
Дәл өзіңдей біртуар данасына.

Сіз көрмеген заманды біздер көрдік,
Сіз аңсаған келді елге тегіс теңдік.
Көзін ашып ,сауаттанды жалпы жұртың,
Тәуелсіздік төріне мәңгі ендік.

Нақылың ата , тамсантар әлі талайды,
Қазағың сені көктегі күнге балайды.
Даналығыңнан үлгі алам ойшыл, Ұлы атам,
Үлгі алып өтем, басқанша ақ түс самайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау) өлеңінің авторы кім?

Meyrzhan — осы өлеңнің авторы.

Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Meyrzhan өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даналығыңнан үлгі алам (Абай Құнанбаевқа арнау) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер