Өлең, жыр, ақындар

Ардың ісі – адалдық!

Ардың ісі – адалдық!

Бабамның өркенін өсірген
Әлемдік даңқын да асырған
Адалдық мақсат қып қойылсын
Жемқорлық түбімен жойылсын!

Жойылсын заңсыз сөз «пара» деген
Оңбайды ешқашан да пара берген,
Оңбайды жәнедағы санап алып
Пайдасына кенеліп қалам деген.

Кел достарым, үн тастайық,
Сәби жүрек, пәк көңілмен
Әлемге жар салайық!
«Жемқорлыққа жол жоқ» деп

Ардың ісі – адалдық
Адалдықты ұмытпайық!
Әрқашанда ұлықтап,
Бойтұмардай сақтайық!

Ақмола облысы, Зеренді ауданы
Исаковка орта мектебінің
9 «А» сынып оқушысы
Олжабай Мерей



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз