Бұл бетте «Поэзия падишасы» атты Гүлнұр Жиенбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Қалам алып,түсірдім ақ параққа,
Арнаған өлеңімді Фаризаға,
Атыраудың дара ақыны,дана ақыны
Жырлап өткен әр кезде өз халқың да
Сарп етті өлең үшін бар ғұмырың,
Асқақтатып туған жерің,өз тұғырың ,
Махаббат,Отан-ана,туған жерге
Арнаған бойындағы бар асылың
Жан-тәніңмен түсініп,жаздың өлең ,
Не деген керемет еді,сондай көркем,
Танытып өлең күшін,өнер үшін
Шырқадың биіктесін деп үмітпенен
Жырладың сырға толы жанарыңды,
Сыр шертті мұңға толы қабағыңды,
Жырладың сиқыр-сезім,құдіретті
Тәңірім тасытқан тау-талабыңды
Поэзия падишасы-Фариза қыз,
Сізге ұқсап келеміз әрдайым біз,
Халқың үшін,жерің үшін аянбаған
Мәңгілік жүректесіз,есімдесіз
- Абдраманов Арсланбек
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі