Досым менің – Nurbek9523

Бұл бетте «Досым менің» атты Nurbek9523 жазған достық туралы өлең берілген.

Досым менің
Үмітімді жалғадың!
Бөлісейік ауыр мұңнан қалғанын.
Арманыңа жетер жолда тежелме,
Сендегі арман олда менің арманым.

Ақ көңілдім
Үмітің еш сөнбесін!
Өмір  алда  әлсіз болу ерге сын.
Күйіңді ұғам жанарыңнан көрген соң,
Оны  менен  өзге  ешкім  көрмесін...

Намысшылым
Бойда қаны тулаған!
Түңілмейік  онсызда  бұл  қу ғалам.
Бес күн жалған бақыт көріп өтейік,
Біздей  достар  әлі  өмірде тумаған..

Арыстаным
Батыл жүрек айбарлы,
Мәңгілікке достығымыз байланды.
Еңсереміз қиындығың түк емес
Мына әлем өзіңменен жайдарлы.

Автор:Нұрбек Бекұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар