Бақ

Бұл бетте «Бақ» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2015
  • 1
  • 6
  • 55078
Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден,
Жаңа шығып көрінген
Гүл қамауда семіп тұр.
Балалықтан басталып,
(Тастаймын аз жасты алып,
Есіме нағыз енгенше)
Көрдім қызық, көрмедім?
Көрсем, баға бермедім
Бозбала жас келгенше.
Құстай түлкі алатын,
Жайып алтын қанатын,
Уылжыған от лепті
Жігіттік жас келді де,
Ойды біраз бөлді де,
Тұрағы жоқ ол өтті.
Қудым бақты, іздедім,
«Табамын ғой тез» дедім,
Азап шекті тән-жаным.
Қарап жақын-жырақты,
Жақтым түрлі шырақты,
Таптырмады қуғаным.
Үміт сүйрер жыраққа,
Жетесің деп мұратқа,
Талықсам да ізденіп.
Қашан көңіл жарасар,
Арқа-басың босанар,
Рақатты жаз келіп?
Қашан жанып шамшырақ,
Сәуле беріп жарқырап,
Болар жарық төрт тарап?
Қашан маған іздеген
Келіп жылы жүзбенен,
Болар серік бақ қарап?!


Пікірлер (6)

АҚЫЛЖАН

Өте керемет өлең

Исатай

Үй жұмысы еді, тамсана жаттап алдым.

.

Өте керемет

Мерей

Өте керемет❤️‍????❤️‍????❤️‍????

димаш

интонациямен айту онай екен

Жанар

Ахмет Байтұрсынұлының «Бақ» атты бұл өлеңі жүрекке ерекше әсер берді.
Өлеңнің әрбір жолы адам өмірінің ізденісі мен үмітін, өткінші кезеңдер мен арманға жету жолындағы қиындықтарды терең әрі әдемі тілмен суреттеген. Онда жастардың өмірге көзқарасы, рухани өсіп‑жетілуі мен болашаққа сенімнің мәні ерекше көрініс тапқан.

Өлеңнің бейнелі тілі мен ақынның нәзік поэтикалық шешімі қазақ әдебиетінің байлықтарын тағы да ойға салды. Оқып отырып кітаптан алған әсерімдей, өмірдегі ізденіс пен рухани даму туралы ойға қалдым — әркім бұл туындыдан өз сезіміне лайық мағына тауып, жүрегіне қабылдар деп ойлаймын. ✨ Осындай өлеңдерді көптеп танысып, ой бөліссеңіз — қазақ поэзиясының терең әлеміне тағы да бір қадам жақындайсыз! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері