Кішкентай баланың арманы – oryngaliev

Бұл бетте «Кішкентай баланың арманы» атты oryngaliev жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Болсам ғой анашымның телефоны,
Жанынан тастамайды себебі оны.
Маңдайыма бір тиген қолыменен,
Қайта-қайта сипалай береді оны.

Көп уақытын арнайды соған күнде,
Көңіл бөлуді азайтты маған мүлде.
Кейде өзімді ұқсатам күзгі бақта,
Жапырағы сарғайып тоңған гүлге.

Тәтті сөзді айтуы сиреп кетті,
Сабақты да оқуды үйретпеді.
Желіге салады кеп барлық жерде,
Жалғыз өзін түсірген суреттерді.

Өтінеді соткаға тиіспеуді,
Қойды маған сыйлықты жиі істеуді.
Кейде ұмытып қалады еркелесем,
Еркелетіп бетімнен иіскеуді.

Көз алмайды соткадан күндіз түні,
Көп боп кетті сөзі жоқ үнсіздігі.
Айтыңызшы маматай телефоннан,
Іздеуменен үнемі жүрсіз кімді?

Мағанда бір бұрылып қараңызшы,
Ұмытып барасыз ба балаңызды.
Бұл күнде адамдарды былай қойып,
Телефоннан қызғанам ана сізді.

Өміріңіз желіге байланған ба?
Сотка пайда болды екен қайдан ғана.
Анашым интернеттен шығып бір сәт,
Көз салып қараңызшы айналаға.

Күн азайды бала боп қуануға,
Бала шақтың бармадым думанына.
Ақыры соткаң менен артық екен,
Телефон қылып мені тумадың ба.
Өкінемін кейде мен адам болып,
21-ші ғасырда туғаныма.


Пікірлер (2)

AselAlikhanova

Əсерлі өлең! Маған ұнады! Қаламыңыз шыңдала берсін!

Дутың Жансая

өте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кішкентай баланың арманы өлеңінің авторы кім?

oryngaliev — осы өлеңнің авторы.

Кішкентай баланың арманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кішкентай баланың арманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде oryngaliev өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кішкентай баланың арманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар