Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік тұғырым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тәуелсіздік тұғырым
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Жүрегімнен жыр арнасы төгілді.
Жылдар бойы азаттыққа шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген.

Орыс патша ұзақ жылдар биледі.
Қарапайым халыққа «билік» деген тимеді,
Қазағымның жалын жүрек жастары,
Желтоқсанда қосылды бір бастары.

Шықты міне теңдік іздеп алаңға,
Қазақ атын танытты ғой ғаламға.
Қазақ елін қырып-жойып таптады,
Жауларымыз құмырсқадаай қаптады.

Қазақ атын мәңгілікке сақтады,
Жауға шығып ел сенімін ақтады,
Қазағымның Қайрат сынды ұлдары,
Нәзік жүрек Сәбирадай қыздары.

Ата-баба мұра еткен байтақ мынау жеріміз,
Қиыншылық көрсе-дағы төтеп берді еліміз.
Сан ғасырлар төгілген қан зая болып кетпеді.
Ұлы халық тілеген соң ажал оғы жетпеді.

Бірақ, бірақ уақыт бәрін дегенімен жасады,
Колбин түсіп, орнын оның Назарбаев басады.
Қазақстан Президенті тұңғыш болып сайланды,
Тәуелсіздік жолында ел көңілі жайланды.

Мағжан сында азаматтар жазықсыз,
Абақтыда аш жатты ғой азақсыз.
Қалған мәңгі көкіректе сақталып,
Арыстардың аты шықты ақталып.

Абайлардың жалын жырын жаттадық,
Ұлыларды халық болып ақтадық.
Ахмет пенен Әлиханды танып біз.
Көкіректе мәңгі бақи сақтадық.

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,
Бірлік, достық, бейбітшілік – қалауым.
Еркін жұртпын, байқалмайды кеңдігім,
Жаса,жаса азаттығым, теңдігім!

Нұр-Сұлтан қаласы №69 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылық Жұлдызай


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік тұғырым өлеңінің авторы кім?

Жұлдызай Жақсылық — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік тұғырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік тұғырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұлдызай Жақсылық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік тұғырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.