Өлең, жыр, ақындар

Ақиық ақынмен сырласу

Тағдыр жазған жолжы жүру парызың,
Сайрап жатыр артыңдағы бар ізің.
Сан ойға жетелейді бұл күні
Болашаққа жазып кеткен арызың.
Үндемеуге үйдегі себеп болды ма?
Ол заманда құрсаулаған қолды да.
Алға басқан аяқтарды шалатын
Сызып берген жүретұғын жолды да.
Еркіндігі басында жоқел едік.
Өз жеріне ете алмаған егелік.
Қазағына қарсы қойып қазақты
Орыс би еткен заман төрелік.
Білмеймін-ау, тағы басқа не сыр бар?
Тау орнында тұрды əлде қырқалар.
Халық едік хандай сыйлар ақынын
Ақын барда халық мұңы жырланар.
Туған күнін тойлар жатыр талайы,
Сый-сыяпат, гүлге оранып маңайы.
Елге еткен еңбегі жоқ, ерлік жоқ
Қошеметті сонда да көп қалайды.
Иығына жібек шапан ілмедің,
Жүйріктердің бірін сыйға мінбедің.
Бірақ анық, асыл мұра артында
Өрлейтұғын өлең барын білгенің.
Жұрытқа жақпай қалды сені деген кім?
Жо-жоқ, бекер өмір сүрдім демегің.
Қысқа болғанөміріңнің жалғасын
Мəңгілікке өлеңменен демедің.
Өзегінен қалай тепсін өз ұлын,
Жырларыңнан көрсе халқым өз мұңын,
Өз атын шақыратын көкектен
Баудың сəні- артық болар бұлбұлың.
Бүгін сенің туған күнің, əз ақын,
Тойлап жатыр,тойлап жатыр бар халқың.
Қабіріңде бір аунап-та түсерсің
Қошеметке, көп құрметке бар хақың.
Ұрпақтарың жатқа оқып жырыңды,
Жырларыңнан ұғып ғажап сырыңды.
Қалам алып тіл қатқалы өзіңе
Тойлап жатқан тойыңды айтып бүгінгі.



Пікірлер (3)

Модератор

Ілмекті тырнақшасыз қою керек.

Али

Өтірік мақалдар жазуды қойсаңдаршы

Аяна

Али, мықты болсаң жаз, көрейік.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар