Сансырау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 695
Бір күні мен
Өмірден безініп
Өзімді өзім
Жерледім.
Бұл өмірді көрдің ғой
Енді сен о дүниені көр дедім.
О, тоба,
Өзімді өзім
Жерлеп тұрып,
Бүршіктеп
Жапырақ жардым...
Сонан соң өзіме--
Топырақ салдым!
Сансырағаным- ай!..—
Мені қоршап тұр
Сан сұрақ бүгін;
Мен қазір
Мына өмірде
Бірде
Жоқ сияқтымын,
Бірде
Бар сияқтымын..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сансырау өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сансырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сансырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сансырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері