Алғашқы қар – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Алғашқы қар» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.12.2019
  • 0
  • 0
  • 11408
О, керемет, керемет!
Бейне аппақ көбелек,
Ақша қар жай көлбеңдеп,
Қонып жатыр жерге кеп.
Қонып жатыр тауға кеп,
Бақшаға кеп, бауға кеп.
Қонып жатыр көлге кеп –
Кетті ұласып жер мен көк.
Шыр көбелек айналып,
Қонып жатыр жайланып:
– Енді қайтып ұшпаймыз
Осы жерді қыстаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері