Сараңдық – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Сараңдық» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2020
  • 0
  • 1
  • 4975
(Жапон ертегісі)

Жанындағы көршіге
Үй иесі бір сараң.
Балға сұрап келші деп
Қызметшісін жұмсаған
– Шеге қағып алғалы,
Сұрай келдім балғаны.
«Қандай сылтау айтсам» деп
Сараң көрші ойланды.
Уайым ізі бетке енді
Басын қасып депті: «Енді
Қайтейін, ғапу, ет мені,
Інім алып кеткен-ді»
Қызметшісі келгенде:
– Тапқан екен сылтауды,
Майы кетер деген бе?
Деп қожасы бұрқанды.
– Не сұрасаң әрқашан,
Жоқты айтады қайдағы.
Болмас енді алмасам
Өзіміздің балғаны.


Пікірлер (1)

Айзере

Табиғат туралы өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері