Ұстазыма – Мүбәрәк Жаманбалинов

Бұл бетте «Ұстазыма» атты Мүбәрәк Жаманбалинов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мектепке кеп бала кезім,
Алғаш есік ашқанымда.
Сенсің құйған сана-сезім
Сол шағымнан жас жаныма.
Шын ұлы етіп Ұлы елімнің,
Дұшпаны етіп қыянаттың,
Жүрегіме жүрегіңнің
Қасиетін ұялаттың.
Арада жыл өтсе де көп,
Ұмытпаймын біл, есіңе ал.
Қанша өмірде етсем еңбек
Ұстаз, сенің үлесің бар.


Пікірлер (1)

Алмасбек Батыр

Супер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері