Өлең мен сені аялап өтем
Бұл бетте «Өлең мен сені аялап өтем» атты Фариза Оңғарсынова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын.
Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.
Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.
Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі "доспын" дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.
Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!
керемет олен
Өте керемет
Пах шіркін! Керемет!!!
Жақсы өлен екен
Ержан сила
Тамаша, рахмет!
Ұмытпаңдар менің сөзімді
Оқыған кезде өзімде болған кездерді есіме келеді терең мағыналы өлең керемет!!
құлқ құлқ қлұқ
керемет
Керемет
бұл шығарма маған қатты ұнады. Бұл шығарманы өз достарыммен бөлісіп талқылауды ойымда ұстаймын.
өте күшті
Пах шіркін! Керемет!!!
Керемет айтылған
Болды маладес
Бағдат 9а лох
9А баха
ӨТЕ Күшті КЕРЕМЕТ ????????
Абабабабабабаб
Фариза Оңғарсынованың «Өлең мен сені аялап өтем…» өлеңі жүректің терең түкпіріндегі сезімдерді көркем тілмен жеткізеді. Бұл шығармада ақын махаббат пен сағыныш, өлең мен шынайы сезім арасындағы нәзік байланыс туралы ойларды әсерлі бейнелейді. Поэзия оқырманға өз сезімдерін қайта ойлануға мүмкіндік береді.
АНДРЕЙ 9В
Фариза Оңғарсынованың «Өлең мен сені аялап өтем...» - өлеңді өмірдің серігі, саясы, сенім ордасы етіп суреттеуі қандай керемет!
Бөлексіңңң
Бүгін Bilim-all.kz сайтында Фариза Оңғарсынованың «Өлең мен сені аялап өтем...» атты өлеңін оқып, ерекше әсер алдым. Фариза апамыздың әр жыры – оқырманның жүрегіне тікелей жол табатын, терең сезімге толы дүние. Бұл өлең де соның айқын дәлелі.
Өлеңді өзінің адал серігі, пана етіп, өмірдің қуанышы мен азабына ортақтасқанын осылай терең, жанды суреттеу — нағыз шеберлік.
Фариза Оңғарсынованың бұл өлеңі жүрекке ерекше әсер етеді. Ақын поэзияға деген шексіз махаббатын, өмірдің қуанышы мен қайғысын терең сезіммен жеткізген. Өлең жолдарынан адамның ішкі жан дүниесі, тағдырмен күресі және поэзияның рухани күшін анық байқауға болады. Осындай мағыналы, әсерлі қазақша өлеңдер әр оқырманға ой салып, жүрекке жылу береді.
Sui
Фариза Оңғарсынованың бұл өлеңі өте әсерлі жазылған. Ақынның өлеңге деген шынайы махаббаты мен ішкі сезімі әр жолынан анық сезіледі. Осындай терең мағыналы қазақ өлеңдерін оқу адамға ерекше рух береді.
Kemera vo vo kemera vo vo
Pasport
Супер