Әбіш ата – zarina2004

Бұл бетте «Әбіш ата» атты zarina2004 жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жетелейді мені өзіне үнемі
Әдебиетте Әбіш ата әлемі .
Абзал ата бұл өмірден кеткен соң ,
Басталыпты мәңгі рухты өмірі.
Ақындықпен жастайынан көзін ашқан ,
Өзінің өмірінен жазды дастан .
Жастарға қара сөзбен болған үлгі,
Әдебиетте қалдырған көркем ізді
Қазақта орны өшпестей із қалдырған,
«Арман дейтін – арғымақ « деп ән салдырған ,
Батырларды қорғайтын да дастан жазған ,
Батыр болу- ол үшін арман болған .
Маңғыстаудай ұлы өлке- туған жері,
Жыр қылды қазағымдай дархан елді.
Жүрегіне тербетіп бар ақылын
Ұрпағына ой қылып, барын берді.
Алғашқы өлең жинағы- «Алтын шуақ»,
Жастарға әсерімен берген қуат.
Жырымен сусындатып талай жасты,
Айлалған қазығындай темірқанат,
Жазушылық қыры да таң қалардай,
Қазақи кейіпкерлер жанға жақын.
Тарихты әкеледі көз алдыңа-ай,
Әр қазақ танығандай өз баласын.
Қазақ халқы сағынып,қайғырады.
Жоғалтқанда қапыда бекзат ұлды.
Тұратынсыз мінбеде ойлы жүзбен ,
Көзқарасың әрдайым жанға жылы .
Аспан әлемі өз шуағын төгіп тұр,
Қазақ халқы өзіңді бір ойлап жүр ,
Естелік айтып, жаны жайсаң адамдар,
Мұраңызды қалдырмастан жиып бір,
Ішімдегі бар сырымды ашамын,
Жырларымды күн нұрындай шашамын .
Сіз секілді қарапайым қалпымда –ақ ,
Әлі талай асулардан асамын .
Мені өзіңнің рухтылығың қолдасын,
Сізге ұқсап қалам ұстап тұрғасын.
Осынау бір әдебиет деген әлемде
Болыңызшы рухани менің қолбасшым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбіш ата өлеңінің авторы кім?

zarina2004 — осы өлеңнің авторы.

Әбіш ата өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбіш ата өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әбіш ата өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар