Махамбетше шамырқану – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Махамбетше шамырқану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 760
Сен менiмен
Тепсiнiп келiп,
Тебiнгi қағысып
Теңескiң келедi.
Сен менiмен
Жаға жыртысып
Егескiң келедi.
Құдай-ау,
Жөндеп қарасайшы!
Сен болсаң
Көңiрсiп, бықсып,
Түтiндеп сөйлейсiң ғой;
Жүрегiңдi май қапқандай, –
Бүгежектеп, —
Кiлкiлдеп сөйлейсiң ғой;
Мен болсам
Айналаны ақ түтек қып,
Астаң-кестеңiн шығарып
Қопарып сөйлеймiн ғой,
Күндей күркiреп,
Найзағайлармен тұтанып,
Оталып сөйлеймiн ғой!
Менiң иiрген асығым —
Алшайып! —
Құзда тұрған құлжадай
Алшысынан тiк түседi.
Сенiң иiрген асығың,
Не бүкшиiп бүк,
Не сықсиып шiк түседi.
Айырма қайда?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махамбетше шамырқану өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Махамбетше шамырқану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махамбетше шамырқану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махамбетше шамырқану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері