Махамбетке арнау – Арайлым Жаксылыкова

Бұл бетте «Махамбетке арнау» атты Арайлым Жаксылыкова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тарихқа өткен қанатты қиял ұшырдым,
Демеймін әлі жырыңды толық түсіндім.
Нарында туған нарқасқа баба - Махамбет,
Қызғалдак қызың қырмызы жырын ұсынды.
Жырыңды оқып,қиялға құлаш сермедім,
Табынарым да,ар - ұраным да сен менің.
Өзіңе деген мақтаныш сезім жетелеп,
Жырыңмен бірге сан биіктерге өрлермін.
Жоғалтып сені жабырқау тартып келемін,
Семсер жырыңнан сергітер қуат алар ем.
Кеш келіп қалдым өмірге мынау, әйтпесе,
Жауыңа қарсы көсіле бірге шабар ем.
Ұрпағың бүгін аруағыңды сенің асырды,
Кезең де келді бағалай білер асылды.
Басыңа барып,гүл қойып ескерткішіңе,
Еске алып сені, құрметпен ием басымды.
Батысқа тұлға,батырлық - рух сен едің,
Жырыңды жаттап,күйіңді шертіп жүр елің.
Ескерткіш болып еңселі Орал төрінде,
Биіктен бізге бағыт береріңе сенемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махамбетке арнау өлеңінің авторы кім?

Арайлым Жаксылыкова — осы өлеңнің авторы.

Махамбетке арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махамбетке арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арайлым Жаксылыкова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махамбетке арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар