Біз жастарға сенеміз! –
dinalitpin
Бұл бетте «Біз жастарға сенеміз!» атты dinalitpin жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Егемен елдің елдігін,
Көгерген жердің кеңдігін.
Қабыл ал болашақ ұрпағым
Келісіміңді бер бүгін.
Ұлыңа Алла жар болсын,
Қызыңның жолы тар болсын.
Бабадан қалған тәрбие
Болашақта да бар болсын!
Келешек сенім пердесін,
Батырым, ақыным бергесін.
Қазақтың ұлы намысын
Жастарға берді сенгесін.
Мағжандар айтқан кешегі:
"Жастарға сенем" деседі.
Сенімін ақтап солардың
Бағымыз болсын бес елі.
Елімді бар ғалам танысын,
Жықпайық ұлы ұлттың намысын.
Жалынды жастар тер төксін
Болашақ халықтың бағы үшін.
Елбасы айтқандай бұрында,
"Болашақ жастардың қолында"
Жастардың барлығы шын дайын
Қиюға жанын, ел жолында!
Табыстап кілтін елдіктің,
Жастарға бүгін сендік тым.
Тәуелсіз елдің өмірі
Мәңгілік екенін сен де ұқтың!
Келешек кеме жетегін,
Кең еңбекпенен етемін.
Бабалар жетпеген жеңіске
Көрерсің, мен әлі жетемін!
Сенеміз, біз бүгін жастарға,
Атымыз аталсын аспанда.
Біз алдық бабамның үмітін
Кешегі көміліп тасталған.
Білемін елімнің өшпесін,
Көк туым көгімде көктесін.
Батырлар аңсаған еркіндік
Сақталар біздерге жеткесін.
Көгімде тұрсыншы таң күліп,
Естілсін әнұран жаңғырып.
Еңселі болсын еліміз
Қазағым жасасын мәңгілік!
Дина ЛИТПИН
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі