Көк ту – Оразбай Байбақұлы

Бұл бетте «Көк ту» атты Оразбай Байбақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.12.2019
  • 0
  • 0
  • 4665
Тамашалап қайтуға
Астанаға барғанбыз,
Тіл жетпейтін айтуға
Одан әсер алғанбыз.

Білмедім жол есебін
Айнымаған тақтадан,
Қос қанаты көшенің
Үйлер екен қаптаған.

Өскен қала аршынды,
Керемет деп айтар ек,
Ұшар басы шар сынды,
Қандай ғажап бәйтерек.

Сәтті өткіздік сапарды,
Көрмегенім қалды ма,
Анам ертіп апарды
Ақорданың алдына.

Шағылардай күн көзге,
Көңіл, шіркін, тоқ бүгін,
Сонау-сонау күмбезде
Желбіреп тұр көк туым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері