Ғашық болғым келеді –
Nurbek9523
Бұл бетте «Ғашық болғым келеді» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімді тамаша шуаққа орай,
Ғашық болғым келеді !
Бірақ қалай ?
Сүйіп кіріп кеудемді қиып шығып,
Кетсе қайтем тағыда тұрақтамай?
Ғашық болғым келеді !
" Қорқынышты"
Қақ бөлетін жүректі өрті күшті.
Жанарымда лаулаған жалынменен,
Тең бөліскім келеді мол тынысты.
Ғашық болғым келеді !
Айта берме.
Сыймай жүрмін онсызда байтақ елге.
Жас боп сіңіп көмілген сағынышты,
Мен шығарғым келеді қайта жерге.
Ғашық болғым келеді !
Сенімменен,
Керек болса сезімнің жолында өлем.
Себебі мен өлшеймін махаббатты,
Бастағы " өмірменен өлімменен "
Ғашық болғым келеді!
Бір - ақ рет.
Шыбын жанды қиямын сұра жүрек.
Құшақ жайып барыммен қабылдаймын,
Бір Алланың бұйырған жұмағы деп.
Автор ; Нұрбек Бекұлы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі