Мені ойлайтын бір жан бар –
Nurbek9523
Бұл бетте «Мені ойлайтын бір жан бар» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мені ойлайтын бір жан бар, Анам ғана!
Жүрегім жалғызсырап алаңдама,
Мені ойлайтын бір жан бар, Анам ғана!
Ол қорғаушы періштем өмірдегі,
Туылғандай қарайды маған жаңа.
Іздемейтін кезі жоқ сағынбаған,
Жүре берші анашым жанымда аман!
Анам барда ешқашан қартаймаймын,
Қамалдарда болмайды алынбаған!
Тәрбиесін үйренгем қабағынан,
Әр сөзінен жүректе қалады мән.
Анам барда сөнбейді отым мүлде,
Жарқылдаған нәр алам жанарынан!
Ренжіткенмін қанша рет бүгін кеше?!
Жадыраймын қуанам күнім десе.
Аспанымнан бар қайғым жоғалады,
Құшақтаса, ботам деп күлімдесе!!!
Автор; Нұрбек Бекұлы
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі