Асар
Бұл бетте «Асар» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағасы үй жұмысын
Қауымдасып жасарда,
«Қолы жеңіл» інісін
Шақырады асарға.
Бұлар асар дегенді
Асығу деп ұғады.
Бірі сүртіп еденді,
Бірі ыдыс жуады.
Өздеріне белгілі
Мұндай шұғыл асарды
Кейде аға,
Кейде іні
Кезектесіп жасайды.
Білетін өз бағасын
Батыл іні сасар ма,
«Алтын басты» ағасын
Шақырады асарға.
Анық аға екені,
Қайыра ма меселін?
Асарлатып екеуі
Шығарады есебін.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі