Өлең, жыр, ақындар

Жезде

  • 15.12.2019
  • 0
  • 0
  • 10052
Мен білмейтін біреуге
Шықты әпкем күйеуге.
Ұнатпадым мен оны,
Белгілі ғой себебі...
Менің әпкем ғана ма,
Қыздар көп қой қалада?
Бірін алса солардың,
Өкпелейді оған кім?
Тура менің әпкемді
Таңдағаны қайткені?!
Қол ұстасып екеуі
Енді алысқа кетеді.
Қанша үлкен болғанмен,
Сағынам ғой сонда мен.

Жақын келіп әлгі аға,
– Сәлем, – деді жай ғана.
Тістегендей тілімді,
Шығармадым үнімді.
Мен тұрғамын түрегеп,
Ол отырды жүрелеп.
– Сәлемді алғың келмесе,
Атыңды айтшы, ендеше, –
Деп сұрады тағы да,
Отырмай өз жайына.
Мен аузымды ашпадым,
Ашулана бастадым.
– Айналайын, көп жаса,
Жасыңды айтшы болмаса.
Тұра бердім бірақ та,
Жауап қатпай сұраққа.
Сипап менің басымнан,
Кетпеді ол қасымнан.
Қолтығымнан түртіп қап,
Көрді мені қытықтап.
Бәрібір мен күлмедім,
Жылағым кеп тұр менің.
Тарқатпақ боп өкпемді:
– Жездеңмін ғой, – деп қойды.
Түсінбедім мен оның
«Жездеңмін ғой» дегенін.
Оның жезде болғанын
Қайтемін деп ойладым.

Айтты жездем жымиып,
Екі жеңін түрініп:
– Онда мені ат қылып,
Дүбірлетіп шап мініп.

Төрт аяғы тарбиып,
Келді алдыма арбиып.
Енді менің жаңағы
Бар ашуым тарады.
Тұрған атқа алдымда
Ырғып мініп алдым да,
Желке шашын тартқылап,
Кете бардым шапқылап.
Бұйым көрмей ол мені,
Шыр айналды бөлмені.
Барған сайын желігіп,
Қоям атты тебініп.

Кешке дейін шапқылап
Жүрмейді ғой ат бірақ.
Маңдайынан тер ағып,
Тұрды біраз демалып.
Сол уақытта оны аяп,
Түстім жерге домалап.
Болмаса да арғымақ,
Жездем енді қалды ұнап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мүмкін емес

  • 0
  • 0

Сен сүйесің,
Мүмкін емес сүймеуің.
Көзің айтты
Сендіретін сол мені.

Толық

Ерекше күн

  • 0
  • 0

Ерекше күн
Бүгінгі күн
Бір түрлі,
Қастек Баянбай

Толық

Қор

  • 0
  • 0

Қор - Қастек Баянбай
Ошаққа от лаулатып,
Май шайқап,
Құрт қайнатып,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар