Асау – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Асау» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.12.2019
  • 0
  • 0
  • 4120
Мініп алып сабауға,
Асыр салып жүр інім.
Достары тұр маңайда,
Қызық көріп қылығын.

Қарсы келген баланы
Қағып-соғып өтеді.
Делдиіп қос танауы,
Желпілдейді етегі.

Қақты кешіп сасыған,
Қозы-лақты қуады.
Білтеленген шашынан
Бұрқырап бу шығады.

Қылығына әлгі жат
Қысылғанды білмейді.
– Астымдағы арғымақ
Алып қашып жүр, – дейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері