Қар жауған күн
Бұл бетте «Қар жауған күн» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ақ төсекте ақ көрпеге оранып,
Ұйықтап кеттім тәтті түске бөленіп.
Әлде дала жатыр ма екен жаңарып,
Түсімде ылғи әппақ қарды көремін.
Ақша қарды жүр балалар сағынып,
Соны айтады інілерім, досым да.
Сыртқа шықсам, көзіме нұр шағылып,
Қара жерге қар жауыпты расында.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі