Елім ай
Елім-ай деп ән туып зар заманда,
Халық мұңы сарынынан байқаларда.
Қасіретті күндердің көрінісі,
Құлақ түрсең көз алдыңа ораларда.
Жоңғар шауып жерімізді ойрандады,
Төре болып төрімізде сайрандады.
Ақтабан шұбырынды атауымен,
Оқулықтан орын алып жазылғанды.
Оқығанда асқақ рухым оянғанды,
Тебіреніп тұлпар жүрек тулағанды,
Сайыпқыран тақымына басқанындай,
Көмейімнен жыр төгіліп ағылғанды.
Өз жерінен қара халық безген емес,
Өзге елге ат сауғалап барған емес.
Ел басына күн туған кездер еді,
Қара жауда қаһарына мінген еді.
Бас басына би болып сұлтан, шонжар,
Билік үшін бір-біріне сұғып қанжар.
Араздасып, алауыздық тұтанғанда.
Пайдаланып тұтқиылдан шапты жоңғар.
Қас дұшпанның күткеніде осы еді,
Шабуылға орай туған кезде келді,
Қазақ жерін жаулау үшін келген еді.
Бәріненде бейқам халық жапа шекті,
Қас батырлар қасық қанын төккен еді,
Елім үшін жан пида деп кеткен еді,
Ерлігімен есімдері өшпейтіндей,
Сан ғасырлар өтседағы өлмейтіндей.
Елім-ай деп кешегі көшкен жұртым,
Бейбіт заман аңсаумен келген жұртым,
Қиын қыстау заманнан өткен жұртым,
Тағдыр салған сынағына төзген жұртым,
Шыдамдылық бойына сіңген жұртым,
Жарқын күннің туарына сеңген жұртым.
Қайран бабам данакөз қазақ ұлтым,
Ұлы дала өренінің ұрпағымын,
Қайсар мінез қазағымның баласымын,
Жыраулардың жолын қуып салып өткен,
Тармақталған тарихымнан жыр ақтардым,
Терең бойлап түп тамырын қазбаладым,
Тасқа қашап жаздырған бабалардың,
Ерліктерін өлеңіммен сусындаттым,
Өткен шақтар өзегіме үн қатқандай,
Астарлы сыр жұмбағын ақтарғандай,
Жыр жазғанда көңілім жай тапқандай.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі