Өлең, жыр, ақындар

Толғау

Қараша үйден бақ кетсе,
Қарайып іші бос қалар.
Елімнен ұят ар кетсе,
Намысы жерде тапталар.
Аспаннан жарық күн кетсе,
Қараңғы тамық түн болар.
Шыңынан таудың мұз кетсе,
Орнында жалпақ тас қалар.
Шешеннен өткір сөз кетсе,
Шешімін даудың табалмас.
Көсемнен ұшқыр ой кетсе,
Сенімге лайық ие болмас.
Көлінен аққу, қаз кетсе,
Айдынға сайран оралмас.
Ақыннан асқақ жыр кетсе,
Халқының ұлы бола алмас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз