Менің үйім – Қадіржан Алдахов

Бұл бетте «Менің үйім» атты Қадіржан Алдахов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Менің үйім, шыңы биік, мұнара,
Алдаховтар әулетінен құралған.
Қасиетті , киелі шаңырақтан,
Мұнайшының ұрпағымыз тараған.

Азаматы, Жылыойға еңбегі сіңген,
Ұлағатты сөзімен ақыл берген.
Әрқашан бағыт- бағдар, жол көрсетер,
Ортамызда ақылшымыз, «Ата»- деген.

Отбасының ұйтқысы, «Ана»-деген,
Түн ұйқысын төрт бөлген, баламенен.
Төрт баланың анасы, әжем менің,
Еркелеткен ең тұңғыш «немерем»- деп.
Сәби кезден мәпелеп, әлдилеген,
Ардақты, аяулы жан «Әже»- деген,

Ата-ананың тілегі бала болған,
Әке биік, асқар тау пана болған.
Тәрбиені бастаған отбасынан,
Анамыз көлеңкелі, сая болған.

Баламенен базарлы ғой үйіміз,
Қарындастарым ортамызда гүліміз,
Інілерім қолғанатым, жанымда,
Көп балалы жанұяның біріміз.
Авторы:Қадіржан Алдахов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің үйім өлеңінің авторы кім?

Қадіржан Алдахов — осы өлеңнің авторы.

Менің үйім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің үйім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадіржан Алдахов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің үйім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар