Құлсары қаласы – Қадіржан Алдахов

Бұл бетте «Құлсары қаласы» атты Қадіржан Алдахов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құлсарым менің көркейген,
Табиғаты қандай тамаша!
Сәнді үйлер бой көтерген,
Ғимараттармен таласа.

Өзге жердің барлығы.
Туған жерге жетпейді,
Бауыр басып құстар да,
Туған жерден кетпейді.

Құлсарым менің - гүл қалам,
Өсіп келеді бүр жара.
Көгіңде тұрсын күн күліп,
Нұрлана берші, нұрлана!

Авторы: Қадіржан Алдахов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар