Бұл бетте «Қорамсақ» атты Jandos Tusenov жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тау самалы аңсатты,
Жалындаған жас шақты.
Кербезіндей көктемнің,
Нұрына ақ мас қыпты.
Жаздың жайма шуағы,
Мұздың жігін үздіріп,
Салқыңдықты сыздатты.
Көшесінде көңілдің,
Өкпелетіп,күрсіндің.
Өмір сүріп жүргенмен,
Кейде рас,түнілдім.
Асау жүрек күйіндің,
Түп-түзу өмір, жол емес
Жабырқаулы күйім тым.
Жұмбақ адам сыр ашты,
Төзімді тағат тауысты.
Бағасы мың,сапа нөл
Күні айға ауысты.
Мәресіне барысты,
Миығынан күле жетіп,
Аяқтады жарысты.
Алашасы Алаштың,
Жамау-жамау,құрақ-Күн!
Аласына айналған,
Көртышқаны даланың.
Қаным қазақ,жанымда
Қорамсақта буылған,
Мір оғымын қазақтын...
Жандос Мағзұмтегі
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі