Қазақ хандығының құрылуы
Алтын Орда, Ақ Орда ыдыраған кезі еді,
Хандық құру қазаққа, келген сол сәт кезгі,
Жаулап алу жерлерді қазаққа мақсат емес ті,
Айырмашылығы осы еді.
Алтын Орда, Ақ Орда Шыңғысханның мекені,
Басып жаншып, бар жұртты қолыма алсам деп еді.
Әділдікке бастайтын құрды қазақ хандығын,
Осы тұста бел байлап Керей ,Жәнібек екеуі.
Бел баласы Барақтың,
Жәнібек деген ұл еді,
Дұшпанын езіп жанышқан
Батырлардың бірі еді.
Осы кезде басталды,
Хандықтардың таласы,
Билікке бірдей қол созған
Хандықтардың арасы
Әбілхайыр хандығы
Қан соғыс болып жарлығы
Тоқтаусыз соғыс өршітті
Көз түрткі болып барлығы.
Сөйтіп тайпа жиналды
Түркістанның аймағы
Ақсүйек, көсем тайпалар
Қазақты ылғи қолдады.
Керей, Жәнібек сұлтандар
Тапты содан пайданы.
Негізін салып хандықтың
Қазаққа хандық құрады.
Қоныс қылып еліне,
Тапқан соң Жетісу жағасын,
Отырғызды тағына,
Хандыққа немере ағасын.
Керей хан болып хандықта
Келісті бірге жарлықта
Ақсақалдарды бастаған,
Жәнібек сұлтан бұл тұста.
Қоныс теуіп халқымен,
Орда тіккен орда тіккен хандыққа,
Көшпелі қазақ тайпасы,
Осылай шықты жорыққа.
Екі жүз мың жанымен
Жетісудың жеріне
Кең өріс қоныс керекті
Шаруа қазақ еліне
Көшпелі қазақ тайпасы
Өрге шығып жай тасы.
Егіншілік қол өнер
Сауда саттық арқасы
Осылай елдің түзелді
Ішкі сартқы жағдайы
Өнімдерін өкізіп,
Аман болып мал жайы,
Құрылып қазақ хандығы,
Шаңырақты көтерген
Қойды алдына мақсатты
Дешті Қыпшақ даласын,
Қалпына түсіріп жақсартты.
Екінші мақсат алдағы,
Керуен жолын құру ет,
Сызақ, Сығанақ қаласын
Бетін елге бұру ет.
Тайпаларын қазақтың
Арманы басын қосу ет.
Осылай құрды хандықты
Керей менен Жәнібек.
Осылай хандық жалғанды
Бір ханнан соң бір ханды
Халқымыз жалғап сайлады
Бұл да бір тарих тармағы.
Билікте сәл сәл өзгеріс
Мақсатпен мүдде бәрі бір
Президент болды не бәрі.
Қасым- Жомарт елбасы
Халқымыз бейбіт жүр аман.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі