Ақ ұлпа қар – Арайлым Ерубай

Бұл бетте «Ақ ұлпа қар» атты Арайлым Ерубай жазған табиғат туралы өлең берілген.

Сыны кетпес соқпақтар,
Сезім гүлін қаптап дәл,
Көктен түсіп көбелек-
Жауып жатыр аппақ қар.

Ұшқындаумен ұшпа бақ,
Қарды қырау тыстамақ.
Еріп кетіп жатыр ғой,
Үлгерсең де ұстап-ақ.

Сырды шертер дау бар ма?!
Көңіл бір сәт ауғанда.
Көкке қарай алмайсың,
Майдалап сәл жауғанда.

Ақ көрпедей таудағы,
Жауып жатыр бауға әлі.
Ең керемет сәті ғой
Жапалақтап жауғаны.

Ауа райы жаңылды,
Ақ мақтамен таңылды.
Түрлі түсті шатырлар,
Ақ шәлісін жамылды.

Жадыратып жанды ізгі,
Айқындап тұр әр ізді
Көк шалғынды ұлпамен
Қаптағандай тәрізді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар