Өлең, жыр, ақындар

Поэзия сен менің махаббатым!

Мен саған ғашықпын сенесің бе
Соңымнан жыр төгіп ересін бе
Шыңның биік басындағы шынардайын
Жүрегімнің күлкісіне енесін бе

Қайта айналып бағыма келесің бе
Жиі сен түсіме енесің де
Қаламға орап сезімді тебірнетіп
Жырға қосып жырымды бересің бе

Күлімдеген сәуледей жаралдың ба
Аспандағы жұлдыздан таралдың ба
Алып ұшқан сағынышым ән жырым
Көктем келіп қайта сен оралдың ба

Сен менің бақтағы қуанышым
Сезім барда өлеңім туады шың
Тірек болар бақтағы қорғаныма
Қиналған сәттердегі жұбанышым

Мен сені күн сайын армандаймын
Өзінен қуат күшін алғандаймын
Бас идім алдыңда құдіретіне
Көңіліме жұбаныш болған дәйім

Бабаларым даналығың қымбат маған
Сүйем дағы көңіліммен шаң батпаған
Ақындарым ол сендер алыстағы
Ақсәулелі жарығым күн қаптаған

Сүйемін сені мен алашым деп
Қуанады өзіңмен дала шың кеп
Құлайды құдіретіне басын иіп
Алып та, ғұлама да данашым деп

Өлең барда дана кетпес ақын өлмес
Бабаларым атың сенің арман елес
Мұқағали жатады жырымда әр кез
Ол алыбы поэзияның мәңгі өшпес

Мұқтар ақын жырымның бір дарасы
Ол барда қосылады поэзиямның арасы
Ақындықты жазсам дағы тереңнен
Бір өзіңдей болмайды жыр данасы

Ақындықты жігерім деп ұланым
Мұқан, Сәбит, Сәкендерді ұғамын
Ақ қағазға тамып жатқан байлығым
Көтереді ұлылықтың жыр ұранын

Өлең жазып қалдырған аспанына
Ақындарды қостым бүгін дастаныма
Ахмет, Мағжан,Ілияс даналарым
Қара өлеңнің алыптай жас бағыма

Өлең жазса аспаннан жұлдыз ағар
Қара сөзден шындықтың оты жанар
Адам болу жолдарын тізіп айтқан
Абай ақын жүректе мәңгі қалар

Әр жыры қалықтап қанатында
Жеті әлем тербелді қаламында
Поэзияға дарыған Жамбыл ата
Болу арман өзіңдей әр ақынға

Даралықпен сезімге ол келеді
Әрбір сөзі жүрекке от береді
Адамдықты сездірген қазағына
Сұлтан ақын әрдайым бар керегі

Поэзияға тамырымен дарыған
Қалам алмай ақындықты таныған
Сөз сүрлеуін жеткізген поэзияға
Ыбырай, Мұхтар ақындарды танығам

Өмірін жырлаған ақын талай
Шабыт алмай жүремін бұдан қалай
Ақ қаламын таратқан шарайнаға
Ақындар көп жырлаған таңды талай

Сезім көзі жүректе орын бөлген
Поэзиядан әрқашан жеміс терем
Кемелдетіп тұрамын көңілдерге
Ақындардың сезімін өрістеген

Кеудемдегі байлығым өр өлеңім
Кең қазынам бойдағы бар беделім
Поэзияға ену үшін Фаризадай
Өлеңіме арманымды беремін



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз