Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін
- 2
- 2
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Бұл бетте «Таңбалы Тарихым!» атты Гүлдана Итибарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Күн ауысып барады түнге қарай,
Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай.
Күн шыққан жерден әркез түн келеді,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,
Шіркіннің ашылмайды реңі түк.
...Күреңіткен ауылдың сырт жағында,
Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Күн жылыған, жер жібіген,
Құстар келген шақтарда,
Төрдегі өрген төрт түлікке,
Төл жамырап жатқанда,
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 деген ілмекті қосу керек.
Ілмек қате болса автоматты түрде сайысқа қосылмайды.
Guldana1
Сәлеметсізбе, мен басқа да өлеңдерімді жариялайын деп едім."Материал қосу" батырмасын бастым, бірақ "өлең қосуды" таңдайн десем ,цветі өзгеріп мүлдем басылмайды.Бұл неден екенін түсіндіре аласызба? Қалай қоссам болады?
Модератор
Хабар бергеніңізге рахмет! Жөнделді. Енді тексеріп көріңіз.
Myrza
Өте керемет
Guldana1
Рахмет көп-көп.жөнделді.