Соғыс зардаптары

Бұл бетте «Соғыс зардаптары» атты erasyl5a жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Балаларды жылатып, жетім еткен,
Аналарды жесір қып, сетінеткен,
Бабалардың басын алып, соғыс деген –
Жұлды талай жүректі көкіректен.

Соғыс алды інілердің ағаларын,
Қанға бояп, өзен-көл жағалауын.
Отан үшін соғыста жанын беріп,
Қанша бабам өлді екен? Санамадым.

Елді қырып, жойып бардан жоқ істеген,
Адамзатқа қасірет соғыс деген.
Соғыстың жылдарында азап шегіп,
Бала қалды әкемен көріспеген.

Соғыс көріп, орнамай санаға жаз,
Болды әкеден қамқорлық балаға аз.
Отан үшін отағасы аттандырып,
Отбасылар алды орнына қара қағаз.

Ескеріп ел-жұртының нала-мұңын,
Балалар байқатпады балалығын.
Жауға аттанды жасөспірім шақтарында
Қару алып орнына қаламының.

Теңселткенде жауым келіп жарымды асқар,
Жігерлерін көрсетті жалын жастар.
Қатал соғыс жолына түсіп кетті
Нәзік жанды, қаракөз қарындастар.

Бейбітшілік заман ғой, шіркін, бүгін!
Еске алайық басып тұрған мың күнді мұң.
Қолы менен аяғын алып соғыс
Көп адамның шектеді мүмкіндігін.

Байқалған қиын шақта жүйріктігі,
Ұмытпайық жауға шапқан кіл мықтыны.
Барлық соғыс тарихта қалып мәңгі,
Әлемнің ата берсін бейбіт күні.


Пікірлер (4)

Рамазан

Күшті

Рамазан

Жаман

Рамазан

Қое

Сымбат

Керемет рамазан қое деп неге айттың

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыс зардаптары өлеңінің авторы кім?

erasyl5a — осы өлеңнің авторы.

Соғыс зардаптары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыс зардаптары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Соғыс зардаптары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер