Рухани дос
Бұл бетте «Рухани дос» атты Айнұр Міркемел жазған достық туралы өлең берілген.
Таба алмадым рухани дос жаныма,
Сыр шертетін, жарылатын ағыла.
Бөлісетін ішімдегі мұңымды,
Түсірмейтін рухани шын құнымды.
Дәл өзімдей әсем әуен тыңдайтын,
Жел тұрғанда, бұтағы да сынбайтын.
Айтшы кімдер шын достықтан ұта алды?
Рухани шын қасиеттер жұталды.
Мұңаймаймын, өкінбеймін алайда,
Өмір алда, күлімдейік жарай ма?
Ссбыр сақтап, адал болған пендені,
Алла өзі бөлейді екен арайға.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі