Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін – albertina

Бұл бетте «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты albertina жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,
Ертеңгінің үміті өлмеу үшін,
Зұлымдыққа мәңгілік төзбеу үшін,
Дәл шындықты жүрекпен көздеу үшін,
Өлең жаз, кітап оқы,
Ғылым ізде,
«Ертеңім жоқ» деп болмайды көндігуге.
Алға ұмтыл,
Әр қадамды жігермен бас.
Қиналсаңда шығарма
Көзіңнен жас.
Бас име ешкімге де,
Абайдай бол:
Қазағын артық көрген бәрінен де.
Оқи бер Абай әнін, шырқата бер,
Таныған Абайымды қазағыммен
Танысын қазағымды Абайыммен.
Абайдың салып кеткен сара жолы
Мәңгіге дара болып қала бермек!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Аружан

Керемет

Аружан

Абай жаккан бір сауле сонбеу ушін

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар