Өлең, жыр, ақындар

Әжем айтатын азаттық жыры

Cезгенмен кесір мінін,
Бұғауда балаң тартып есірді кім?
Әжем талай айтатын: – кешір күнім,
еркіндікте шырқалған бесік жырым!

Ұраным ед(і), ұрпақтың бағы сынбай
бұлбұлдың дауысындай...
азат елдің кетіріп көркін, гүлін
жалмап кеңес елімнің еркіндігін
кетті ертеден әкетіп қуанышын
кең далада қалдырып дертін, мұңын...

Еріксіз сұрақ қойдым:

- Әже, сонда қыз – ғұмырдың үкілер жас шағында
берілдің бе еріксіз басқа мұңға?
біздің неге жанарлар су алмады,
азаттық аспанында?!

- Көңілдері қатайған у-ға қанып,
мойымадық!
Ана едік, туған алып.
Көзімізше құм болды көп қайраткер жазықсыз қудаланып.

дүмпу, ділге айналып кіл арасы,
тапталғанда тектімнің жыр-анасы
қатпаған бұғанасы-
қоздаған дертін мықты,
халқымның перзенттері шықты алаңға
ту етіп еркіндікті.

Парасат пен пайымын жүрген ертіп,
бұла кең, нұр денем – құт!
Халық сөзін көтеріп азаттық үн
Ұран айтты батылдау мінбеден тік.

Тәмсіл – осы!
Еркін енді өз анаң, ғұмыр анаң,
Тұлпар әні – құндығың, жыры – далаң.
Дүниенің ойласаң жасырынған
Азаттыққа бүкпесіз сыры, балам!

Мен түсіндім,
Көк аспаннан бата ма сағына күн,
кең даланың сызылтқан шағын әнін.
керегесін қисайтпай ұстап келед(і) қазақтығым!
белең дәуір жыл азаттық шыңырағын!

Аққуға сыр

Жалғыз менің мұңымды
Жел айдаған жаладан жантақ басып,
Тыңдасуға толқындар шорқақ қашып,
Көл бетімен келіпті бөлісуге,
Отырғанда- екі аққу ортақтасып.

Жұмыр пенде жақынын ат үсті аяп,
Жеткенінде жаныма ағыс таяп,
Мұңымызды ұғынып кете бардық
мүлде тіл қатыспай-ақ.

сызылғаны сылдырдың тербетердей,
көлге төндім, кесір көп елге төнбей...
Қалай ғана көсіліп жүрсің аққу!?
Отырғанда өзімді жер көтермей!..

Түсінемін... пендеміз, пірадармыз,
жігіт жұмбақ, бүгінде сынақ әр қыз.
Жұмақ болып кетер ме жердің үсті?
Сен секілді пәк болсақ күнәдан біз.

Жалықпапты жасынды жиюды арам,
Бақытты бұйырмаған...
Бір ұққаным- үйрену керек сенен,
Басқа-басқа? Шынайы сүюді адам...

***
Былғамаған бәтуасыз мұратын,
Ғашық болған бір ақын.
Әлі есімде біздің шағын ауылда,
Бір сұлу қыз тұратын!

Мөлдір етіп тұнған кезде бақта шық,
Шаруадан шыға сала шақ қашып.
Есім кетіп жүретінмін жүгіріп
Екеуінің арасында xат тасып.

кетпесе де құмға айналып текке нем,
түбі екеуі қош айтысты өкпеден.
барша әлемді маxаббаттан айырған,
Содан бастап Қара күзді жек көрем!

Кеше бардым тағы ауылға кеш қалып,
Озбайды ақын маxаббатсыз көште анық.
Бір кездегі құштарлығын екеудің,
Тек қайың тұр еске алып!

Қос ғашыққа мейірімін төкпеген
Хат апарып жүгіріппін текке мен.
Барша әлемді маxаббаттан айырған,
Қараша күз,
Сені өлердей жек көрем!

***

Кештегі өлең

Қауырсын үмітім төгіліп сазға,
Ақ ұлпа қарға малынып жазда,
Айта алам қайсы бірін?
тағдырдың қайшылығын-
Сезбес те көрмес те еді,
Аз емес өз кешкені...
Айырбастап жібердім отырдым да...
бар мүлкімді,
күлкісіне арудың сол кештегі.

Терезесін көңілдің жиі ақтарып,
одан басқа сұлу жоқ сияқтанып
"Сені сүйем!" дедім мен бардым дағы
арды аттап, ұят қалып!

Әсірелеп сөйледім әлденені
Тыныштығын екеудің - ән бөледі
әсемдікпен бетпе-бет жолықсын деп,
тағдыр айдап келді ме әлде мені?

отырғанмен..ү
шарабынан өмірдің татымды асап,
бақытты көп болмайды ақында сәт.
кейде өзімнің бес жасар істерімді,
ойлай алмай кетемін ақылға сап!..

***
Көңілім биыл тағы да алаң,
Ауылдан ауық тыс қалды.
Жапырақ жүрек – жазира ғалам,
Қала түтініне ыстанды.

Саржалқын құрттар сауырын сызған –
Сағынды шыңдар ақпанды
Буыршын бұлттар бауыры қызған –
Қала түтініне қақталды.

Түс жатыр реңсіз жолымда жағал –
(Өлеңсіз күндер мендегі)
Сүттіген бұлтты маған ғана адал –
Иіні қанып таулар да ембеді.

Кітаптар шешіп тонын былғары,
Бесбатпан тарихты көшірді
Ғимараттарда – Өмір, қолын бұлғады.
Өлім жарықты өшірді.

Қара шаң түнде төніп саядан,
Қара басыма оқ атты,
Ақындар түсер аялдамадан
Өтіп кеткенде анам оятты.

...Өзенді кешкен болат тағанмен
Көпірден айға сытылдым,
Кірпігіңе жыр боп қонақтағанмен –
Жанарыңа барып жұтылдым.
Тағдыр!





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз